Билiк және саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік туризм ұйымының Бас хатшысымен кездесті

10 қазан, 09:2127
Автор: Elorda Aqparat
Фото Ақордадан алынды Фото Ақордадан алынды

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Дүниежүзілік туризм ұйымының қала туризміне арналған «Ақылды қалалар, ақылды мекендер» ғаламдық саммитінің Қазақстан астанасында өткізілуінің маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо Ақордаға сілтеме жасап.  

«Сіздің сапарыңыздың мәні зор деп санаймын. Дүниежүзілік туризм ұйымының Сегізінші ғаламдық саммитін өткізуге Нұр-Сұлтан қаласының кандидатурасына қолдау білдіргеніңіз үшін Сізге ризашылығымды білдіремін. Қазақстан үшін туризмді, соның ішінде экотуризмді және қала туризмін дамыту аса маңызды. Сондықтан, біз сіздің ұйымыңызбен ынтымақтастық орнатуға ниеттіміз», – деді Қазақстан Президенті. 

Зураб Пололикашвили Мемлекет басшысына қабылдағаны үшін алғыс айтып, жергілікті туризм индустриясын дамыту бағытында БҰҰ Дүниежүзілік туризм ұйымы Қазақстанмен өзара іс-қимылдарға ерекше мән беретінін атап көрсетті. 



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх