Билiк және саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев: Алаяқтар түрмеде отыруы тиіс

08 қазан, 14:1041
Автор: Elorda Aqparat

Бүгін елорда әкімдігінде өткен жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үлескерлерді сан соқтырып, қаржыларын жымқырған алаяқтар заң бойынша жауапқа тартылуы тиіс екендігін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Қазір Нұр-Сұлтан қаласында 49 проблемалы нысан бар. Қала әкімдігінің бақылауға алуы нәтижесінде бірқатар нысандарда жұмыс шираған. Дегенмен шешілмеген мәселелер әлі де жетерлік. Жалпы алғанда қала бойынша 13,5 мың үлескер құрылыстың аяқталуын күтіп отыр.

«Алаяқтар аз емес. Әсіресе құрылыс саласында. Бас прокуратураға, Ішкі істер министрлігіне қарата айтамын, осы мәселемен айналысу керек. Алаяқтар түрмеде отыруы тиіс. Олар заңсыз әрекеттерімен азаматтарымызға зиянын тигізіп отыр. Тұрғындарды далада қалдырды. Ал бұған мемлекет жайбарақат қарап отырмауы керек. Іске кірісіңіздер әрі есеп беріңіздер», - деді Қ.Тоқаев.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх