Экономика

Кассалық машиналар мен терминалдардың болуы бақылауға алынады

08 қазан, 15:5340
Автор: Elorda Aqparat
Фото интернеттен алынды Фото интернеттен алынды

Республика бойынша алғанда картамен төлем жасаудағы елорданың үлесі төмен. Қазір аталған көрсеткіш небәрі 9% құрайды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Нұр-Сұлтанда ақшасыз картамен төлем жасаудың төмен екендігі байқалады. Пайыздық көрсеткішкен ол 9% ғана құрайды. Салыстырмалы түрде Алматыда 69 пайызға жеткен. Бұл мәселе елорда тұрғындары мен қонақтарына қолайсыздық туғызып қана қоймай, көлеңкелі экономиканың етек алуына алып келеді. Осыған орай, Қаржы министрлігі мен қала әкімдігіне сауда нүктелері мен қызмет көрсету салаларында кассалық бақылау машиналары мен карта терминалдарының болуын қатаң бақылауға алуды тапсырамын», - деді Қ.Тоқаев.

Сонымен қатар, Президент шағын және орта бизнес өкілдерін салықтан босатуға қатысты өз пікірін білдірді.

«Шағын және орта бизнес субъектілерін салық төлеуден босатқаннан кейін елорда бюджеті 40-50 млрд теңгеге қысқарады. Іс жүзінде бұл күтілетін нәтиже еді. Бірақ, бұл қала халқын бизнеспен көптеп айналысуға тарту үшін қажетті шара», - деді ол.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх