• USD 385
  • EUR 434

Қылмыс және оқиғалар

Қару-жарақ сатқан шетел азаматтардан тұратын қылмыстық топ мүшелері ұсталды

07 тамыз, 17:0344
Автор: Elorda Aqparat
фото knb.gov.kz фото knb.gov.kz

ҚР ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті атыс қаруы мен оқ-дәріні заңсыз сатумен айналысқан шетел азаматтарынан тұратын топтың заңға қайшы іс-әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы Елорда Инфо ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Ағымдағы жылдың 25 шілдеде ҚР ҰҚК 4 қызметінің 5 департаменті және ҚР ҰҚК Павлодар облысы бойынша департаментімен бірлескен өзара іс-қимылда арнайы операция өткізіліп, оның барысында Алматы және Павлодар қалаларында «М» және «П» іс бойынша өтетін тұлғалар ұсталды»,- деп көрсетілген хабарламада.

Заңсыз айналымнан 7 «Калашников» автоматы және 2 «Макаров» тапаншасы, сондай-ақ түрлі калибрлі оқ-дәрілер алынды.

Ұсталғандар Тараз қаласына жеткізілді, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх