• USD 385
  • EUR 434

Өңірлер жаңалығы

Қарқаралы ұлттық паркіндегі өрт 2,7 мың гектар аумақты қамтыды – Юрий Ильин

14 тамыз, 13:3545
Фото ernur.kz сайтынан Фото ernur.kz сайтынан

Қарағанды облысындағы Қарқаралы ұлттық паркіндегі өртті сөндіру жағдайына қатысты ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин түсініктеме берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Еліміздегі өрт қаупі жағдайына келсек, қазіргі уақытта бізді алаңдатып тұрған – Қарқаралы ұлттық паркіндегі өрт. Бүгінде ұлттық паркте 2,7 мың гектар аумақты өрт қамтыды. Тілсіз жаумен күреске ТЖК-мен қатар Орман шаруашылығы комитеті мен жергілікті атқарушы органдар да жұмылдырылуда», - деді Ю.Ильин.

Оның айтуынша, өртке қатысты Қарқаралы ауданының әкімдігі төтенше жағдай режімін жариялады.

«Оқиға орнына 120 адам (Қарқаралы МҰТП-дан - 39 адам, Қарағанды облыстық ТЖД-дан - 61 адам, Қарағанды облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасынан - 10 адам және т.б.), 16 - өрт сөндіру машинасы, 3 - трактор және 2 - тікұшақ, су шашатын құрылғысы бар І сыныпты бір тікұшақ (МИ-8), МИ-2 екінші тікұшағы өрт сөндіру қызметін әуеден бақылауға тартылды», - деді ол.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх