• USD 385
  • EUR 434

Өңірлер жаңалығы

Қарағанды облысында 3 жасар баланы өлтірген қаскөй ұсталды

09 қыркүйек, 11:0822
Автор: Elorda Aqparat
фото интернеттен алынды фото интернеттен алынды

Қарағанды облысында 3 жасар баланы ұрлап кеткені және оны өлтіргені үшін Игентай Сопыжановқа республикалық іздеу жарияланған болатын. Еріктілер таратқан ақпаратқа қарағанда, күдікті Қарағанды қаласының вокзалында ұсталған. Бұл туралы Елорда Инфо Instagram желісіндегі Karaganda.city парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қарағанды облысы Шет ауданының Бұрма ауылында бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған Игентай Сопыжанов 5 қыркүйек күні үш жасар баланы анасының қолынан жұлып алып кеткен. Өңірдің тәртіп сақшылары таратқан ақпаратқа қарағанда 17.11.1996 жылы туған Игентай Кәрімұлы Сопыжанов баланың анасымен бұрыннан таныс.

 Баланы іздеуге 600-ге жуық полиция қызметкерлері, еріктілер мен ауыл тұрғындары жұмылдырылған. Баланың өлі денесі 8 қыркүйекте табылды.

Қаарғанды облыстық полиция департаментінің басшысы Ерлан Файзуллин күдікті баланың анасының туысын өлтіргені үшін сотталғанын және 4 жыл бойы түрмеде отырып шыққанын айтқан болатын. Осы жылдың ақпан айында ғана мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх