• USD 385
  • EUR 434

Қылмыс және оқиғалар

Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры пара алды деген күдікке ілінді

10 қыркүйек, 11:57122
Автор: Elorda Aqparat
Фото интернеттен алынды Фото интернеттен алынды

Университет ректорының сыбайлас жемқорлыққа  қатысты айыбы сот шешімінен соң белгілі болады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректорына сот алды тергеу жұмыстары басталды. Ол ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Ғылым қоры» АҚ-ның басқарма басшысына жалпы қолдау және ғылыми жобаларды қаржыландыру мақсатында 5 мың АҚШ доллары көлемінде пара берді деген күдікпен айыпталуда. Сонымен қатар, «Ғылым қоры» АҚ-ның басқарма басшысына қатысты да тексеру жұмыстары жүріп жатыр», - делінген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратқан ақпаратта.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі күдіктілердің айыбы сот шешімінен соң белгілі болатындығын хабарлады.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх