Билiк және саясат

Қалмұханбет Қасымов жаңа жұмысқа ауысты

12 ақпан, 15:50431
Автор: Elorda Aqparat

Қалмұқанбет Қасымов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Елорда Инфо Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы  болып тағайындалсын», - делінген хабарламада.

2011 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі қызметін атқарды.

1957 жылы Алматы облысы Іле ауданының Дмитриевка аулында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1979 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген, мамандығы «заңгер». Полиция генерал-полковнигі.

1979 жылдан бастап – тергеуші, аға тергеуші, тергеу бөлімінің бастығы, Алматы облысы ІІБ Іле аудандының ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары.

1988 жылдан бастап – Алматы облысы ІІБ-нің қоғамдық қауіпсіздік бөлімі бастығының орынбасары.

1989 жылдан бастап – Алматы облысы ІІБ Қапшағай ІІБ-нің бастығы.

1992 жылдан бастап – Алматы облысы ІІБ Криминалдық милиция басқармасының бастығы, Алматы облысы ІІБ бастығының бірінші орынбасары.

1997 жылдан бастап – Алматы қаласының ішкі істер бас басқармасының бастығы.

2003 жылдан бастап - Алматы облысы ішкі істер бас басқармасының, Ішкі істер департаментінің бастығы.

2005 жылдан бастап – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің бірінші вице-министрі, вице-министрі.

2009 жылдан бастап – Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің бастығы.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев тағайындалды.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх