Қоғам

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

24 сәуiр, 16:491462
Автор: Elorda Aqparat

Елорда әкімінің өкімімен Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Марат Шоранов тағайындалды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Бүгін әкімдікте өткен кезекті отырыста Бақыт Сұлтанов Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы Марат Шорановты таныстырды.

Марат Шоранов 1975 жылы 24 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. Академик Б.У.Жарбосынов атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Урология ғылыми орталығының аспирантурасын бітірді. 

Rollins School of Public Health (Emory University) магистрі, қоғамдық денсаулық сақтау магистрі, медицина ғылымдарының кандидаты.

Академик Б.У. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығында (Алматы), радиациялық медицина және экология ҚазҒЗИ (Семей), ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде жұмыс істеді.

2008–2009 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Денсаулық сақтауды дамыту институты» РМК директоры (Алматы).

2009–2011 жылдары – Emory университетінің Клиника жобалары бойынша менеджері (Emory University, Rollins School of Public Health, Атланта, АҚШ).

2012 жыл – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК экологиялық зерттеулер орталығының басшысы (Астана қаласы).

2012–2013 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК бас директорының медициналық ғылым және білім жөніндегі орынбасары.

2013–2014 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Стратегиялық даму департаментінің директоры.

2014–2015 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық қызметтерді стандарттау департаментінің директоры.

2015 жылы – «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ трансформация департаментінің директоры.

2016–2017 жылдары – «University Medical Center» корпоративтік қорының басқарушы директоры.

Соңғы атқарған қызметі: 2017 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Қала әкімі Марат Шорановтың жаңа қызметіне сәттілік тіледі.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх