• USD 385
  • EUR 434

Тұрғын үй алаптары

Қала әкімі 2 мектептің жаңа оқу жылына дайындығымен танысты

22 тамыз, 11:01144
Автор: Elorda Aqparat
Фото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat Фото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Қала әкімі екі мектептің қосымша құрылысы барысымен танысты, деп хабарлайды Елорда Инфо әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада оқушылар орнының тапшылығын шешу үшін 3 жаңа мектеп пен 5 қосымша құрылыс пайдалануға беріледі. Қала әкімі Алтай Көлгінов «Көктал-2» тұрғын үй алабындағы екі мектеп қосымшасының құрылысымен танысты.

Фото авторы Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Фото авторы Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Сонымен, № 68 мектептің жаңа ғимараты үш ауысымды оқыту мәселесін шешуге көмектеседі. Қосымша құрылыс 500 орынға есептелген. Ғимаратта кең сыныптар, асхана және спорт залы болады. Балалар жаңа корпуста оқу жылының басынан бастап айналыса алады деп жоспарлануда. Тек спорт залы еден жабынының жұмысына байланысты кейінірек тапсырылады. Мектеп ғимаратының өзі 2011 жылы 800 оқушы орнына салынды.

Сонымен қатар қала әкімі №40 мектептің қосымшасының құрылысы барысымен танысты. Жаңа корпус 800 орынға есептелген, мектеп ғимаратының өзі – 700 орынға есептелген. Пайдалануға оқу жылының соңында беріледі. Мектептер жиһаздармен және техникалық жабдықтармен қамтылған.

Фото авторы Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Фото авторы Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

А.Көлгінов атап өткендей, оқу жылының басында мектеп территориясын абаттандыру қажет. 
5 жылдық кезеңде жинақы құрылыс бойынша кешенді жоспар аясында елордада 37 жаңа мектеп салу жоспарланған. Қалада 108 мектеп бар, онда 162 мың оқушы оқиды. Қыркүйек айында бірінші сыныпқа тағы 24 мың бала барады деп күтілуде.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх