• USD 385
  • EUR 434

Қоғам

Қала әкімдігі Қоянды су қоймасы жағасын тазарту акциясын қолдайды

18 шiлде, 16:17131
Автор: Elorda Aqparat

Астана әкімі Алтай Көлгінов қала тұрғындарын Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясын қолдауға шақырды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары! Қала әкімдігі Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің 20 шілдеде жақын маңдағы Қоянды су қоймасының жағасын тазарту жөніндегі акциясын қолдайды. Бұл акцияға қаламыздың тұрғындарын, әсіресе жастарды белсене қатысуға шақырамын», – деп жазды елорда әкімі өзінің твиттердегі парақшасында.

Естеріңізге салсақ, қала маңдағы су қоймаларының біраз жерін аралап шыққанын және олардың айналасы қоқыс пен қалдыққа толы екеніне өзінің күйінішін твиттер желісіндегі жазбасы арқылы білдірген Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев бұл проблеманы тек әкімшілік әдіспен емес, оны шешуге тұрғындарды да атсалысуға шақырып, #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясын өткізуге бастама көтерген болатын.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх