• USD 385
  • EUR 434

Экономика

Кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие берілетін болды

30 шiлде, 08:3693
Автор: Elorda Aqparat
фото Egemen.kz сайтынан алынды фото Egemen.kz сайтынан алынды

Несие 6% мерзімі 7 жылға дейін берілетін болады. Төмен пайыздық мөлшерлеме "Даму" КДҚ " АҚ субсидиялау арқылы сыйақының бір бөлігі өтелетіндігіне байланысты, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының мәліметіне сәйкес, отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында "Қарапайым заттар экономикасы" республикалық бағдарламасы іске қосылды. Осы мақсаттарға 600 млрд.теңге бөлінді, олар келесі екінші деңгейдегі банктерде салынған: "Халық банкі" АҚ, "First Heartland Jusan Bank" АҚ, "Сбербанк" АҚ ЕБ, "Банк Центр Кредит" АҚ, "АТФ Банк" АҚ, "Forte Bank" АҚ, "Еуразиялық банк" АҚ, "Bank RBK" АҚ, "Нұрбанк"АҚ.

 Бұл ретте, кредитті пайдалану мақсаттары: инвестицияларға кемінде 50%, айналым қаражатын толықтыруға кемінде 50% болуы тиіс% . Бағдарламаға 108 ЭҚЖЖ-ның бірінде (11.12.18 ж. № 820 ҚРҮҚ сәйкес) жобаларды іске асыратын кәсіпкерлер қатыса алады, оның ішінде білім беру объектілерін салу, Көлік құралдарын, құрылыс материалдарын, тамақ өнімдерін, тоқыма өнімдерін, қағаз бұйымдары мен буып-түю материалдарын, электрониканы, жиһаздарды, тұрмыстық химия өнімдерін өндіру бойынша.

Сонымен қатар, бағдарламаны жүзеге асыру аясында Нұр-Сұлтан қаласының өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында жобалық кеңсе құрылды, ол тұрақты негізде консультациялық қызмет көрсетеді.

Кеңсе Республика даңғылы, 24, "Парасат" БО, 2-қабат мекенжайы бойынша орналасқан.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх