Қоғам

Ішкі істер министрі қыз баланы құтқарған полицейлерді марапаттады

09 қараша, 22:3554
Автор: Elorda Aqparat
Дереккөз: ҚР ІІМ баспасөз қызметі Дереккөз: ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев күні кеше Қарағандыда қыз баланы құтқарып қалған патрульдік полиция қызметкерлерін қабылдады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Ведомство басшысы полиция лейтенанты Ерасыл Мұрат пен полиция сержанты Бекзат Омашевқа жеделдік танытып, батылдық көрсеткені үшін алғысын білдіріп, полицейлерді ІІМ-нің «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапаттады.

«Мыңдаған жас қызметкер күн сайын азаматтарымыздың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында қызмет етуде. Оларға әртүрлі жағдайларда жұмыс істеуге тура келеді. Олар атақ үшін емес, өзінің қызметтік және азаматтық борышына сәйкес батырлық әрекеттер жасайды. Сіздердің батыл істеріңіз – осының дәлелі және барлық жеке құрамға үлгі», – деді Ерлан Тұрғымбаев.

Министрліктің мәліметінше, ІІМ қызметкерлері, соның ішінде құтқарушылар, полицейлер, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жыл сайын өрттен, суға батудан, суицид әрекетінен және жазатайым оқиғалардан 10 мыңнан аса адамды құтқарады.




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх