• USD 385
  • EUR 434

Қылмыс және оқиғалар

ІІМ қызметкерін тепкен Арқалық полициясының басшысына қатысты түсініктеме берді

05 қыркүйек, 14:5035
Фото интернеттен алынды Фото интернеттен алынды

Жуырда әлеуметтік желілерде Арқалық қаласы Полиция басқармасының басшысы Жеңіс Ахметовтің өз қызметкерін тепкен видео тараған болатын. Осы іске қатысты ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди түсініктеме берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Арқалықтағы жағдайға келсек, қазіргі уақытта сот алды тергеу-тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Әрине мұндай оқиғалар орган қызметкерлерінің атына кір келтіреді. Олар теріс әрекеттері арқылы өздеріне ғана емес, құқық қорғау органдары мен жалпы министрліктің имиджіне кері әсерін тигізеді. БАҚ пен белсенді азаматтардың арқасында бізге жетіп жатады. Осы орайда біз тиісті шараларды қабылдап, қоғам талқысына түскен жайттарды жауапсыз қалдырмаймыз. Және ашықтыққа аса мән берудеміз», – деді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди ОКҚ-де.

Одан бөлек, вице-министр Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың екі түрлі нөмірлі қызметтік көлікпен жүруіне қатысты пікір білдірді.

«Өзіңіз ойлаңызшы, мен қазір шыққанда қызметтік автокөлігімнің нөміріне қарайды деп ойлайсыздар ма? Әрине жоқ. Мен көлік жүргізушіме маған осындай нөмірлі автокөлік керек немесе автокөліктің нөмері ұнамайды басқаға ауыстыр деп тапсырма бермеймін, сол секілді. Министрдің жұмыс кестесін көрсеңіз, автокөлік нөміріне қарайтын уақыты да жоқ», - деді ол.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх