• USD 377.9
  • EUR 429

Қылмыс және оқиғалар

ІІМ Қарағандыдағы төбелеске күдіктінің бейнеүндеуіне қатысты пікір білдірді

08 қаңтар, 12:2999
Автор: Elorda Aqparat
Сурет ашық дереккөзден алынды Сурет ашық дереккөзден алынды

Қазіргі уақытта бұзақылық әрекеттері үшін және 23 жастағы жігіттің өліміне күдікті ретінде Қарағанды қаласында 8 адам ұсталып, қамалды, күдіктілердің бірі азамат Гурурянға іздеу жарияланды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

​«Іздестіру барысында полицияның арнайы тобы күдікті жасырынуы мүмкін жерлерге аттанды. Кейбір желілерде күдіктінің өз еркімен берілуге әзір екендігін мәлімдеуіне байланысты оның туған-туыстарына 2 күн бұрын біздің қызметкерлердің байланыс телефондары берілді. Алайда, бүгінге дейін оларға ешкім байланысқа шықпады», - делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі істі жан-жақты, объективті тергеуге кепілдік береді және азамат Гурурянға істі ауырлатпау үшін полиция қызметкерлеріне өз еркімен берілуі қажеттігін ескертеді. Істі тергеу барысы Қазақстан Республикасы ІІМ-нің айрықша бақылауына алынды.

Естеріңізге сала кетейік, 6 қаңтарда Қарағандыда билік өкілдері 1 қаңтарда «Древний Рим» мейрамханасында жаппай төбелес кезінде қаза тапқан адамдардың туыстарымен кездесті. Кездесу барысында тергеу барысы туралы толық түсінік берілді.

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх