Спорт

IBF Головкиннен чемпиондық атағын қорғауды талап етті

08 қараша, 02:3537
Автор: Elorda Aqparat
Дереккөз: Prosports.kz Дереккөз: Prosports.kz

IBF Геннадий Головкиннен орта салмақтағы әлем чемпионы атағын қорғауды талап етті, деп хабарлайды Елорда Инфо Prosports.kz-ке сілтеме жасап. 

Аталған ұйым қазақстандық боксшыға міндетті қарсылас ретінде Польша боксшысы Камил Шереметаны ұсынды. Бұл туралы отандасымыздың промоутері Эдди Хирн айтты. 

Matchroom Boxing басшысының айтуынша, Шеремета тарапымен келіссөздер сәтті өтті. Жекпе-жек 8 ақпанда Чикагодағы Wintrust Аренада өтуі мүмкін екен. Бұған дейін поляк боксшысының менеджері Андрей Василевский де екіжақты келіссөздер жайлы айтқан болатын. 

Хирн сонымен қатар, Головкин Шереметамен кездесуден кейін мамыр айында Сауль Альвареспен жұдырықтасуға дайын екенін жеткізді. 

Ал RingPolska басылымының жазуынша, міндетті қарсылас Шеремета чемпиондық жекпе-жек үшін 250 мың доллар жалақы алады. Бұл спортшының мансабындағы ең үлкен сыйақы болмақ. 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх