• USD 385
  • EUR 434

Экономика

Жыл соңына дейін «IQALA» орталығы жүзге жуық қызмет түрін ұсынатын болады

19 тамыз, 10:01147
Фото Elorda aqparat мұрағатынан Фото Elorda aqparat мұрағатынан

Қалалық мәслихат отырысында шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаумен қатар, оның жолындағы кездесетін әкімшілік кедергілер мәселесі де қаралды, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында «IQALA» орталығы іске қосылды. Онда бүгінде «АРЭК» АҚ (8 қызмет) пен Теплотранзит (22 қызмет) ұйымы бірігіп, 30 қызмет түрін ұсынуда. Жыл соңына дейін тағы 100 қызмет түрін осы орталық арқылы ұсынуды жоспарлаудамыз. Сондай-ақ, қызмет түрін алу мерзімін 3 күнге дейін қысқартылады. Яғни кәсіпкерлер барлық қажетті қызмет түрін бір жерден (Қошқарбаев, 29 «IQALA» орталығы) алатын болады», - деді қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмырзаев қалалық мәслихат отырысында.

Басқарма басшысының мәлімдеуінше, кәсіпкерлер көбінесе монополистік қызмет түрі мен жер учаскелерін рәсімдеу мәселелері бойынша жүгінеді.

«Сонымен қатар ондағы қызметтер «Азаматтарға арналған үкімет» бағдарламасы аясында электронды жүйеге көшіріледі. Болашақта кәсіпкер кез келген қызмет түрін тез әрі оңай алатын болады деп үміттенеміз. Одан бөлек, полиция және санитарлық-эпидемиологиялық секілді тексеру органдары QR код арқылы кез келген кәсіптің қаншалықты заңды екенін тексере алады. Біздегі деректер бойынша қалада 100-ден астам заңсыз орнатылған дүңгіршектер анықталды», - деді ол.

Одан бөлек, Е.Бекмырзаев қалада «1000 орын – көше саудасы» жобасын жүзеге асыру мақсатында 500-ге жуық жер учаскесі бөлінгенін және қала бойынша әлі де 2 мыңнан астам дүкен қажет екенін айтып өтті.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх