• USD 385
  • EUR 434

Экономика

Жыл соңына дейін жеті елде сауда өкілдігі ашылады – министр

09 қыркүйек, 17:1938
Фото Elorda aqparat мұрағатынан Фото Elorda aqparat мұрағатынан

Жыл соңына дейін 7 мемлекетте Қазақстанның жаңа сауда өкілдіктері ашылады. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Осы жылдың соңына дейін біз сауда өкілдіктер желісін кеңейтуді жоспарладық. Әлемдік практикада сауда өкілдіктері сауда қатынастарын кеңейтудің негізгі және тиімді құралдарының бірі болып табылады. Биыл қосымша кеңсе Қытайда, одан бөлек жаңа өкілдіктер Түркия, Үндістан, Иран, Өзбекстан, Ауғанстан, Польша және Чехияда ашылатын болады. Бұл кеңселерде қазақстандық тауарларды шетел нарығында ілгерілету үшін біздің білікті «лоббистер» жұмыс істейді», - деді ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.

Сонымен қатар, министр отандық агроөнеркәсіп тауар өндірушілерді қолдау жұмыстары туралы айтты.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктермен бірге агроөнеркәсіп отандық тауар өндірушілерін қолдау бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Біздің өндірушілеріміз шетелдердің белгілі бір әрекеттеріне байланысты қандай да болмасын проблемаларға тап болғанда, министрлікке жүгінулерін сұраймыз. Біз сіздердің проблемаларыңызды шешу үшін кез келген жәрдем көрсетуге әрқашан дайынбыз», - деді ол.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх