• USD 385
  • EUR 434

Экономика

Осы жылдың жеті айында елорда бюджетіне 6 млрд-тан астам кіріс түсті

20 тамыз, 17:36133
Фото vlast.kz сайтынан Фото vlast.kz сайтынан

2019 жылдың 1 тамызында қаланың бюджеті 102,3 пайызға орындалып, қала бюджетіне 631,1 млрд теңге түсті. Бұл туралы қалалық Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қайсар Маңқараев мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«2019 жылдың 1 тамызында қаланың бюджеті 102,3 пайызға орындалып, қала бюджетіне 631,1 млрд теңге түсті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12 пайызға жоғары. Ал республикалық бюджетке 484,7 млрд түсті. Одан бөлек, жеке кірістерден түскен қаражатқа келсек, осы жылдың қаңтар-шілдесінде 146,4 млрд теңге түсті. Оның ішінде салықтық түсімдер 134,4 млрд теңгені құрады», - деді Қ.Маңқараев қоғамдық кеңес отырысында.

Сонымен қатар басқарма басшысы қала бюджетінің шығыс мәселесін де қозғады.

«Жұмыспен қамту және әлеуметтік қамтамасыз ету басқармасына қосымша 1 млрд 51 млн теңге қарастырылды. Оның ішінде атаулы әлеуметтік көмекке 641 млн теңге, жұмыспен қамтуға 100 млн теңге, сондай-ақ, зейнеткерлердің сауықтыру орталықтарына жолдама беру жұмысына 24,9 млн теңге, ал мүгедек балаларды сауықтыру мақсатына 100,2 млн теңге қаржы бөлу қарастырылуда. Одан бөлек, мүмкіндігі шектеулі жандарды қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге және оларға көмекші қызметкер жалдауға, есту қабілеті нашар адамдарға көмекші қызметіне 94,7 млн теңге бөлу жоспарлануда», - деді ол.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх