• USD 385
  • EUR 434

Тұрғын үй алаптары

Елордада 24 мың шаршы метр несиеге беретін баспана салынды

28 мамыр, 11:08398
Фото авторы Радмир Фахрутдинов Фото авторы Радмир Фахрутдинов

2019 жылы Нұр –Сұлтан қаласында 24 мың ш.м. несиеге беретін баспана пайдалануға берілді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімі орынбасары Нұрлан Нұркеновтың төрағалығымен өткен кеңесте қалалық құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы Руслан Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Елорданың тұрғын үй саласындағы жұмыстар «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалғасып жатыр.

«Жыл басынан бері несиеге берілетін жалпы аумағы 23,8 мың шаршы метрді құрайтын 250 пәтер салынды (№27 және №36 көшелердің қиылысында көппәтерлі тұрғын үй кешені)», - деді Ахметов.

Оның сөзіне қарағанда, жалпы аумағы 230 мың шаршы метрден асатын 2 836 пәтердің құрылысы жалғасуда: Оның ішінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары үшін – 140 мың шаршы метр болатын 1 575 пәтер (2019 жылы 59 мың шаршы метр болатын 653 пәтер 3 көппәтерлі тұрғын үй кешенін пайдалануға беру -№27 және №36 көшелерінің қиылысында, №27 және №36 көшелерінің қиылысында,  Қорғалжын тас жолының оң жағына қарай),  2020 жылы 84,5 мың шаршы метр Е10 және Е250 көшелерінің қиылысында паркингі бар КТК) және  жалға берілетін баспана (2019 жылы Н.Тілендиев даңғылы және С302 көшелерінде паркингі бар тұрғын үй кешені, Оңтүстік шығыс ауданынының сол жағалауындағы КТК, 2020 жылы – Тілендиев көшесінің оң жағына қарай, Сарыбұлақ өзені бойында, Р.Қошқарбаев, Айнакөл және №23-17 көшелерінде, Пригородный тұрғы үй алыбында 100 орындық жатақхана).

Бағдарламаны бұдан әрі жүзеге асыру мақсатында берілген 10,6 га жер телімінде жергілікті бюджет есебінен 5 көппәтерлі тұрғын үй жобасы әзірленді. Онда шамамен 120 мың шаршы метр аумақта 1 688 пәтер салынады деп жоспарланып отыр.

 



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх