Экономика

Жүк тасымалындағы алаяқтарға соққы

09 қазан, 16:4344
Автор: Elorda Aqparat
Фото: eat.kz Фото: eat.kz

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі халықаралық жүк тасымалын кәсіпкерлер үшін жеңілдетудің бірқатар нақты шараларын жүзеге асырды. Бұл - рұқсат карточкаларын қайта сататын делдалдарды жойып, түрлі әкімшілік кедергілерді қысқартты.

Мысалы, халықаралық автомобиль тасымалдарына рұқсат куәлігін алуға онлайн тапсырыс беру көзделген. Ол «Азаматтарға арналған үкімет» және «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elincense.kz порталдары арқылы жүзеге асады. Мәселе 3 жұмыс күні ішінде шешіледі.

Көп сұранысқа ие «Қытай «С» түріндегі рұқсаттың бланкілері делдалдар арқылы алынып жүргені жасырын емес. Енді шетелдік бланкілерді тікелей алудың мүмкіндігі туды.  

Өкінішке қарай, шетелдік бланкілер түрлі күңгірт схемалармен үлестіріліп, өз құны 1 АЕК бола тұра кей тұстарда 100-200 АҚШ долларына сатылу фактілері жиі тіркеліп келді. Алаяқтардың жасанды рұқсат бланкілерін бизнес түріне айналдырып алғаны әшкере болды. Мысалы, халықаралық жүк тасымалына лайық емес 1200-ге жуық КҚ электронды жүйесінен алынып тасталды. Бұлардың барлығы 46 тасымал операторына тиесілі.

Сонымен бірге, барлық бағынышты инспекцияларға КҚ мемлекеттік нөмірлерін ендігәрі базамен салыстырып отыру жөнінде нұсқау берілді. Егер халықаралық көлік тасымалына лайықсыз көлік ұсыну фактісі тіркелсе, карточка беру шектелетін болады.

Кәсіпкерлер онлайн ұсынылған бұл қызметті интернет арқылы кез келген жерден ала алады.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх