Билiк және саясат

Жуық арада Ұлттық кеңестің екінші отырысы өтеді – ҚР Президенті

06 қараша, 21:1237
Автор: Elorda Aqparat
Дереккөз: ҚР Президентінің баспасөз қызметі Дереккөз: ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерін қабылдады, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Байтақ болашақ» Экологиялық альянсы» РҚБ президенті Азаматхан Әміртаевпен кездесу барысында еліміздегі экологиялық ахуал, халықтың экологиялық түсінігі мен мәдениетін арттыру мүмкіндіктері секілді мәселелер талқыланды. А.Әміртаев шағын және орта бизнесті қолдауға және экологиялық жобаларды іске асыру үшін шетел инвестициясын тартуға қатысты бірқатар ұсыныс айтты. 

Фото: Берік Уәли/FasebookФото: Берік Уәли/Fasebook

«Қазақстан барысы» даму қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Арман Шораев Президентке ішкі және сыртқы туризм саласындағы кейбір қордаланған проблемаларды шешу жолдарын, қазақ күресін халықаралық аренада ұлттық бренд ретінде қалыптастыру жайындағы көзқарасын жеткізді. 

Фото: Берік Уәли/FasebookФото: Берік Уәли/Fasebook

Қоғам қайраткері, саясаттанушы Айдос Сарыммен кездесуде Қазақстандағы гуманитарлық ғылымның даму перспективалары, еліміздің қоғамдық-саяси өміріне оның әсері, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы мен идеологиялық саясаты сияқты мәселелер қозғалды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысынан кейін Кеңес мүшелері тарапынан айтылған ұсыныстар Президент Әкімшілігі мен Үкіметте өткен жиындарда талқыланып, пысықтау жұмыстары жүргізілгенін атап өтті.

"Нақты нәтижелерге қол жеткіздік. Жуық арада кейбір заңнамаларға енгізілетін өзгерістерді пысықтау керек. Содан кейін Ұлттық кеңестің екінші отырысы шақырылады", – деп қорытындылады Президент.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх