• USD 385
  • EUR 434

Жолдау-2019

Жолдау Мемлекет басшысының халыққа берген уәдесін орындауға дайын екендігінің дәлелі – Ақылбек Күрішбаев

03 қыркүйек, 15:0343
Фото авторы Сұлтан Сейітов Фото авторы Сұлтан Сейітов

Мемлекет басшысының алғашқы Жолдауына қатысты елордадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры, қалалық мәслихаттың депутаты Ақылбек Күрішбаев өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы қазақстандық қоғам мен оның экономикасын дамытудың стратегиялық тармағы болып табылады. Бұл Жолдау оның сайлауалды платформасын жүзеге асырудың бастамасы. Бұл Президенттің халыққа берген уәдесін орындауға дайын екендігінің дәлелі, яғни оның сөзі мен ісі алшақ жатпағандығын көрсетеді. Ең алдымен, біз Қазақстан экономикасын, соның ішінде, орта және шағын бизнес үлесін көтеруіміз қажет», - деді Ақылбек Күрішбаев.

Оның пікірінше, микро және шағын бизнес компанияларын 3 жыл мерзімге салық төлеуден босату бойынша тапсырмасы ШОБ дамытудағы бетбұрыстық қадам болып табылады.

«Университет ректоры ретінде Президенттің еліміздегі жоғары білім сапасының тиімсіздігін азайту бойынша тапсырмасына тоқталғым келеді.  Шын мәнісінде, дамыған елдерде ЖОО саны халық санына шаққанда бірталай төмен, ал мамандарды даярлау сапасы едәуір жоғары. Ал бізде керісінше. Сондықтан Мемлекет басшысының еліміздегі ЖОО санын, соның ішінде білім сапасын емес, ақша табудың көзі еткен жекеменшік оқу орындарының санын қысқарту қажет деген пікірімен әбден келісемін», - деді ол.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх