Қоғам

Жолаушылар пойызында нәресте дүниеге келді

25 қазан, 12:2638
Автор: Elorda Aqparat
Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ

№34/33 «Ақтөбе-Алматы-1» бағытында жүретін жолаушылар пойызының Шу жол телімінде нәресте дүниеге келді, деп хабарлайды Елорда Инфо «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз орталығына сілтеме жасап.

«5 вагонда келе жатқан Алтынай Темір жол үстінде толғатып, жолсеріктер мен пойыздағы сапар шегіп бара жатқан жолаушы дәрігерлердің көмегімен аман-есен босанды. Отар стансасында келгенде оларды жедел жәрдем көлігі тосып алып, жақын маңайдағы ауруханаға жеткізді», - делінген компанияның хабарламасында.

Компания қол ұшын созған жолаушылар – дәрігер Евгений Колопилов пен акушер Бейбіткүл Құмғанбаеваға және вагон жолсерігі Руслан Байекешов пен пойыз басшысы Сағынай Жүсіпке алғысын білдіреді.




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх