• USD 385
  • EUR 434

Тұрғын үй алаптары

Жиналмаған қоқыс, сырты тозған үй, аула кезген қаңғыбас – Алматы ауданының бір күні

26 тамыз, 10:35371
Фото авторы Сұлтан Сейітов Фото авторы Сұлтан Сейітов

Жуырда елордадағы Алматы ауданын аралап, тұрғын үй аулаларын бір қарап өттік. Мақсат – тұрғындардың коммуналдық мәселелерін көтеріп, естір құлаққа жеткізу. Әрине ауданды толық аралап шығу мүмкіндігі болмады, дегенмен Елорда Инфо тілшісі бірқатар тұрғын үй аулаларының жағдайын өз көзімен көріп келді.

Алматы ауданының тұрғын үйлері мен көшелерін аралау барысында коммуналдық мәселелерді басты назарда ұстадық.

Мысалы, мына суреттегі қирап тұрған кәріз құдығы жол бойында тұр, оның үстіне ішіне қоқыс жиналып қалған.

Фото авторы Сұлтан СейітовФото авторы Сұлтан Сейітов

Немесе алма пішіндес мына инсталляцияның шұрық тесіктігі. Оның үстіне адам жүретін жақ беті.

Фото авторы Сұлтан СейітовФото авторы Сұлтан Сейітов

Одан қалды мына арам шөптердің қаптауы, енді аз уақыттан соң адамның бойымен бірдей болайын деп тұр.

Фото авторы Сұлтан СейітовФото авторы Сұлтан Сейітов

«Мынау шұңқыр жаз бойы осылай жартылай ашық күйінде жатыр», - дейді осы үйдің тұрғыны.

Фото авторы Сұлтан СейітовФото авторы Сұлтан Сейітов

Кейбір тұрғын үй аулаларында қоқыстар сол тастаулы күйінде жатыр.

Фото авторы Сұлтан СейітовФото авторы Сұлтан Сейітов

Одан бөлек, беті жартылай жабылған немесе дұрыс жабылмаған кәріз құдықтарын байқадық. Айта кету керек, елордада кәріз құдықтарының мәселесі өзекті деуге болады. Бірінші өзектілігі – адамдардың, әсіресе балалардың беті ашық тұрған кәріз құдығына түсіп кетуі. Екінші мәселе – кәріз құдығы қақпақтарының ұрлануы. «іKOMEK» жедел әрекет ету орталығының ақпаратына сүйенсек, Алматы ауданында осы жылдың 17 тамыздағы жағдай бойынша 17 беті ашық кәріз құдығы бар, 9 құдықтың беті уақытша жабулы.

Фото авторы Сұлтан СейітовФото авторы Сұлтан Сейітов

Фото авторы Сұлтан СейітовФото авторы Сұлтан Сейітов

Үй аулаларын аралай келе аула қаңғыбасын да кездестірдік, ал дәл жанында балалар ойнап жүр.

Фото авторы Сұлтан СейітовФото авторы Сұлтан Сейітов

Жол-жөнекей І.Жансүгіров көшесі 8/3 мекенжайындағы тұрғын үй маңдайшасының үңірейіп тұрғаны көзге оттай басылды. 

Фото авторы Сұлтан СейітовФото авторы Сұлтан Сейітов

Тағы бір көзімізге түскені Манас көшесіндегі мына тұрғын үй. Сыртын қарап ішіне кіруге сескенесің, себебі үйдің қабырғасы әне-міне құлайтын секілді. Сырттай бір аралап ауласын сыпырып жүрген апайымызды сөзге тарттық.

Фото авторы Сұлтан СейітовФото авторы Сұлтан Сейітов

Фото авторы Сұлтан СейітовФото авторы Сұлтан Сейітов

«Бұл үйде көбінесе мемлекеттік қызметкерлер тұрады, шатаспасам, қаржы саласының мамандары. Иә, үйдің сырты көңіл көншітпей тұр. Жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жыл сайын қозғалады. Міне биыл тағы бір жаз өтті, жөндеуден хабар жоқ. Бұл тұрғын үйдің тағы бір проблемасы ыстық су. Бір күн бар, екінші күні жоқ. Дәл қазір бұл үйде ыстық су жоқ», - деді аты-жөнін атамауды өтінген аула сыпырушы. 

Қалалық «іKOMEK» жедел әрекет ету орталығының деректеріне сүйенсек, аталған аудан әкімдігіне тұрғындардан түскен осындай өтінімдер мен арыз-шағымдар сол күйі орындалмаған. Және 590 өтінім-шағым әлі қаралуда.

Еске сала кетсек, бұған дейін аталған ауданға қарасты Қ.Рысқұлбеков көшесінде орналасқан 27/1, 27/2, 27/3 мекенжайында орналасқан тұрғын үйлердің мәселелерін көтерген болатынбыз.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх