Мәдениет

Жазушы-драматург Жабал Ерғалиевпен шығармашылық кездесу өтеді

05 қараша, 16:1739
Автор: Elorda Aqparat
фото интернеттен алынды фото интернеттен алынды

7 қараша күні сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы музейінде журналист, публицист, жазушы-драматург, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағының және Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтардың лауреаты, Қазақстан Республикасы Сенаты Парламентінің V-VI шақырылымдарының депутаты, қоғам қайраткері Жабал Ерғалиевпен кездесу өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті, SILKWAY халықаралық университеті студенттері мен елорда жастарының қатысуымен өтетін кездесуде жазушы өзінің шығармашылық жолын баяндайды.

Жабал Ерғалиев «Қазақтың Қарасай батыры», «Сөне көрме, жұлдыздар», «Ұлтым менің, ұлысым менің», «Хан көтерген ел едік ер ұланын», «Бұлтты түнгі толған Ай», «Жолсапар жалғаса береді», «Тәуелсіздік толғауы», «Әлемді жүрегіне сыйғызған»,«Құлпытастың көз жасы», «Лето без дождя» кітаптарының, «Соңғы тұяқ», «Ескі арба» повестерінің авторы.

Жазушының «Бұлтты түнгі толған Ай», «Тойғандар мен тозғандар» және «Жетім тағдыр» атты драмалық шығармалары Қазақстанның театрларында сахналанып келеді.

Қатысушылар назарына Жабал Ерғалиевтің кітаптарының көрмесі ұсынылатын болады.




Наверх