Руханият

Жастар қоғам қайраткері Жабал Ерғалиевпен кездесті

07 қараша, 21:2744
Автор: Elorda Aqparat
Дереккөз: Елбасы кітапханасы Дереккөз: Елбасы кітапханасы

Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде ел жастары Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, жазушы-драматург және қоғам қайраткері Жабал Ерғалиевпен кездесті, деп хабарлайды Елорда Инфо Елбасы кітапханасының жұртшылықпен байланыс қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуге «Болашаққа жол өзіңнен басталады» семинар-тренингінің тыңдаушылары, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің, SILKWAY халықаралық университетінің студенттері және басқа да белсенді жастар қатысты.

Фото Елбасы кітапханасынанФото Елбасы кітапханасынан

Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова қаламгердің туындыларын бүгінгі қазақ әдебиетінің құнды қазынасына балауға болатынын атап өтті. 

Фото Елбасы кітапханасынанФото Елбасы кітапханасынан

Өз кезегінде Жабал Ерғалиұлы жастардың ілтипатына ризашылығын білдірді.

«Кездесудің маңызы терең мағынаға ие. Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздік күні мерекелері қарсаңында еліміздің түкпір-түкпірінен келген жастардың Елбасы саясатын қолдайтынын көріп, іштей қуандым. Себебі егемен елдің бүгінгі буыны Елбасы мен тәуелсіздік ұғымдарының тығыз байланысын мойындап қана қоймай, мемлекеттің ертеңі мен халықтың мүддесін өз жауапкершілігіне алуға дайын. Ұлт жанашырлары мен отансүйгіш жастардың сұхбатын жүзеге асырған Елбасы кітапханасына алғысым зор. Керегеміздің мықты, шаңырағымыздың биік болғанын тілеймін!» – деді ол.

Фото Елбасы кітапханасынанФото Елбасы кітапханасынан

Кездесу барысында жазушы кейінгі буынды шығармашылығымен таныстырып, олардың назарына туындыларын ұсынды.

Айта кетсек, ол – «Қазақтың Қарасай батыры», «Сөне көрме, жұлдыздар», «Ұлтым менің, ұлысым менің», «Хан көтерген ел едік ер ұланын», «Бұлтты түнгі толған Ай», «Жолсапар жалғаса береді», «Тәуелсіздік толғауы», «Әлемді жүрегіне сыйғызған»,«Құлпытастың көз жасы», «Лето без дождя» кітаптары, «Соңғы тұяқ», «Ескі арба» повестерінің авторы. Сонымен қатар оның «Бұлтты түнгі толған Ай», «Тойғандар мен тозғандар», «Жетім тағдыр» атты драмалық шығармалары театр сахналарында қойылып келеді.




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх