Өңірлер жаңалығы

Жас кәсіпкер экологиялық таза материалдардан киім үлгілерін жасауды қолға алды

08 қараша, 10:5727
Автор: Elorda Aqparat
фото pavlodarnews.kz сайтынан алынды фото pavlodarnews.kz сайтынан алынды

24 жастағы павлодарлық кәсіпкер Айдан Кәрім «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Азия даму банкінің қолдауымен өткен Altyn Oimaq байқауына қатысты, деп хабарлайды Елорда Инфо pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы облыстық филиалы баспасөз қызметі хабарлағандай, аталмыш байқауы жеңіл өнеркәсіпте қызмет ететін бизнесмендерге арналған.

 «Бұл жерде жеңіл өнеркәсіпте енді тәжірибе жинақтап жатқан жас дизайнерлерге өзі, қолөнер туралы фэшн-индустрияның хас шеберлерімен бір деңгейде айтуға, көрсетуге мүмкіндік жасалды, - дейді баспасөз қызметінде.

 Айдан Кәрім 16 жасынан бастап модельер кәсібін игере бастаған.

«Altyn Oimaq - менің қатысып жатқан үшінші байқауым. Байқауға «Спорт киімі» және «Іскерлік костюм» аталымдарында киім үлгілерін ұсындым. Дизайнерлер байқауы көңілімнен шықты. Жеке басыма екі жылдық үзілістен кейін киім тігуге оралуға ынта-жігер берді. Соңғы жылдары көркем өнерге ден қойып едім, - дейді Айдан Кәрім.

Оның айтуынша, экологиялық таза материалдардан киім тігу арқылы ол әлемге пайда әкелгісі келеді. Қазірде жас кәсіпкер жеткізушілерді іздестіру үстінде.




Наверх