• USD 385
  • EUR 434

Руханият

Жамбыл өңіріндегі киелі орындар: Музей тектес қалаға қалай жетуге болады 

10 қыркүйек, 20:1051
Фото Дулат Төлепов/Elorda Aqparat Фото Дулат Төлепов/Elorda Aqparat

Тараз – тарихи ескерткіш пен мәдени нысанға бай Қазақстандағы теңдесі жоқ қала. 20 ғасырлық тарихы бар көне қала құдды бір үлкен музей тәрізді. Қазақстанның 100 киелі нысаны қатарына Жамбыл облысының 7 мәдени-тарихи кешені енгізілген. Бұл тұрғыда Елорда Инфо оқырман назарына Тараздың киелі орындары туралы материалды ұсынады.

Дәл осы жерде, яғни Жамбыл өңіріндегі Шу өзенінің жағасында 1465 жылы Керей мен Жәнібек сұлтандар Қазақ хандығын құрған.

Нұр-Сұлтан мен Тараз қалаларының арақашықтығы 1326 шақырымды құрайды. Бұл қашықтықты ұшақпен бір жарым сағатта, отарбамен 11-19 сағатта артқа тастауға болады. Билет бағасы 4 мың теңгеден 25 мың теңгеге дейінгі соманы қамтиды. Ол жолаушылар құрамының класына және билетті алдын ала сатып алу уақытына байланысты. Егер ертерек қамдансаңыз, әлбетте, арзанға түседі.

Айта кету керек, әсіресе жазғы уақытта ол жаққа пойызбен бару мұң. Жолаушылардың шектен тыс көбеюінің әсерінен Нұр-Сұлтаннан Таразға қалаған уақытыңда жолға шыға қою мүмкін болмайды бұл уақытта. Алайда әуекемесі арқылы қай кезде де мәселесіз жетуге болады. Ұшақ билеті 30-35 мың теңгеге шығады. Сол сияқты Таразға автобуспен де жетуге мүмкіндік бар. Билет құны – 6 мың теңге. Бірақ қоғамдық көліктің бұл түрі жолаушыларға жайлы болмайды. Себебі 18 сағаттық ұзақ жолды отырып баруға тура келеді. Оның үстіне, Балқаштан әрі қарай Шу қаласына дейінгі жол нашар.

Жамбыл облысында діни және мәдени нысандар, киелі орындар жетерлік. Соның бірі – туристердің аяғы әсте үзілмейтін Тектұрмас мовзолейі. XIV ғасырда іргетасы қаланған сәулетті ескерткіш Тараздың оңтүстік-шығыс жағында орналасқан. Қаланың орталығынан 4 шақырым қашықтықтағы Талас тауы мен Талас өзенінің жағалауынан орын тепкен. Онда шаһардың кез келген жерінен 500-700 теңгеге баруға болады.

Тектұрмас мовзолейі

Тарихи мәліметтерге сүйенсек, мовзолей Орта Азияаумағына Ислам дінін таратуға айрықша атсалысқан Қараханид патшалығы әскерінің бас қолбасшысы Сұлтан Махмұдханның құрметіне салынған. Одан бөлек, мұнда қазақтың ұлы батыры Мәмбет пен Абылай ханның сенімді серігі, дінтанушы ғалым Фасахуддин Сәбитов сынды белгілі тарихи тұлғалар жерленген. Бір қызығы, бұл жерде тек мұсылмандар қорымы ғана емес, өзге дін өкілдерінің де қабірлері де кездеседі. Жалпы, Таразда ертеде Ұлы Жібек жолының бойындағы әртүрлі діндер тоғысқан-ды.Фото Дулат Төлепов/Elorda AqparatФото Дулат Төлепов/Elorda Aqparat

Фото Дулат Төлепов/Elorda AqparatФото Дулат Төлепов/Elorda Aqparat

Өкінішке қарай, мовзолейдің ішкі жағын суретке түсіруге рұқсат берілмеді. Оның себебін шырақшы қасиетті адамдардың жанын мазаламау қажет деп түсіндірді.

Тектұрмас мовзолейі құрылғанға дейін екі рет, яғни ХІХ ғасырда және ХХ ғасырдың 30-жылдарында қираған.

Қазіргі уақытта Талас өзенінің оң жағалауындағы бұл киелі орын туралы тіпті алыс-жақын шетелдіктердің өзі жақсы біледі. Басы ауырып, балтыры сыздағанда адамдар бұл жерден жанға шипа табады. Ата-баба рухына зиярат етіп келушілер қатары қалың.

Жамбыл облысындағы барлық мәдени ескерткіштердің QR коды бар. Оның көмегімен осынау нысандардың тарихын оқуға болады.Фото Дулат Төлепов/Elorda AqparatФото Дулат Төлепов/Elorda Aqparat

Тағы бір жұмбақ әрі құпияға толы қалашық, ол – Ақыртас. Ғалымдар бұл жерді Египет, Афина, Рим сияқты әлемдік құндылыққа ие болған орындарға пара-пар екенін айтады. Кешен құрылысы VIII-IX ғасырларда жүргізілген. Аталған киелі нысан облыс орталығынан 45 шақырым қашықтықта орналасқан.Фото Дулат Төлепов/Elorda AqparatФото Дулат Төлепов/Elorda Aqparat

Осынау киелі орынға облыс орталығынан 2000-3000 теңгеге жетуге болады. Керек десеңіз, келіскен такси жүргізушісі музейге кіріп, бірер мәрте фотоға түсіргеніңізше күте тұрады да, автовокзалға дейін кері қарай жеткізіп тастайды.Фото Дулат Төлепов/Elorda AqparatФото Дулат Төлепов/Elorda Aqparat

Жалпы, мұндағы баға астаналықтарды таң қалдыруы мүмкін. Өйткені Таразда Нұр-Сұлтанға қарағанда барлығы едәуір арзан. Жолаушы тасымалдау қызметі де.

Ақыртаста ежелгі құрылыстан артылып қалған үлкен-үлкен қызыл тас блоктарын көресіз. Бір қарағанда, ежелгі заманғы инженерлік технология таң қалдырмай қоймайды.Фото Дулат Төлепов/Elorda AqparatФото Дулат Төлепов/Elorda Aqparat

Кейбір тас блогінің салмағы бірнеше тоннаға дейін барады.Фото Дулат Төлепов/Elorda AqparatФото Дулат Төлепов/Elorda Aqparat

Көне нысанның жобалауының ерекшелігін байқауға болады.  

Фото Дулат Төлепов/Elorda AqparatФото Дулат Төлепов/Elorda Aqparat

Төрт бұрышты ғимарат (205х185м) қызыл құмды тас блоктарынан тұрады. Нысан құрылысы 4 бөліктен құралған.

Қабырғасының қалыңдығы 3,5 метрден 5 метрге дейін барады. Іргетасының биіктігі – 4 метр. Бұл ежелгі сәулетшілердің қандай мықты болғанын көрсетеді. Кешенге 3-4 км қашықтықтан су тартылған.Фото Дулат Төлепов/Elorda AqparatФото Дулат Төлепов/Elorda Aqparat

Ақыртас туралы алғашқы естелікті даос монахы Чан Чун 1222 жылы қалдырған екен. Бұл жердің ежелгі тарихы туралы қазір әртүрлі айтылады. Сондай деректердің біріне сүйенсек, мұнда бұрын буддалық ғибадатхана болған-мыс. Бірақ кейіннен осы жерден мешіттің орны табылып, шіркеу мен монастырьдың болғанын жоққа шығарған көрінеді. Кейбір зерттеуші Ақыртас орта ғасырларда Ұлы Жібек жолының бойындағы Касрибас деген қала болғанын айтады. Сол сияқты тағы бір зерттеушінің дерегінше, Ақыртас 714-715 жылдары араб қолбасшысы ибн Мүслім Күтейбінің бұйрығымен салынған сарай болған деседі. Сондай-ақ бұл жер Александр Македонскийдің шығыстағы ірі патшалығының соңғы бекінісі болған деген дерек те кездеседі. Бір сөзбен айтқанда, аталған нысанның ежелгі тарихы әлі күнге дейін жұмбақ.

Сол сияқты қаланың соңына дейін неліктен салынбағаны да белгісіз. Бұл жердің қатты жер сілкінісінің кесірінен қирағаны туралы дерек қисынға келетін сияқты. Бірақ бұл – тек болжам ғана. Ал шындық талайғы тарих қойнауында жасырынған.

2014 жылдың шілдесінде Қазақстанның 8 археологиялық ескерткіші, соның ішінде Ақыртас та ЮНЕСКО бүкіләлемдік мұра тізіміне енген.Фото Дулат Төлепов/Elorda AqparatФото Дулат Төлепов/Elorda Aqparat

Өкінішке қарай осы маңда жақында ғана салынған музей іші әлі де бос болып шықты. Оның ішінде әзірге бірде-бір жәдігер қойылмаған. Ал бос бөлмелердің есігі жабық жатыр.Фото Дулат Төлепов/Elorda AqparatФото Дулат Төлепов/Elorda Aqparat

Алайда бақылаушылар бұл жерді көру үшін де келісілген бағадағы ақыны төлеуімізді талап етті.

Келесі нысан – ашық аспан астындағы музей. Бұл көне қалашық Тараздағы бұрынғы орталық базардың аумағында, яғни қазіргі шаһардың орталығына жақын жерде орналасқан. Мұнда жаяу баруға да болады. Ал таксимен 500 теңгеге жете аласыз.Фото Дулат Төлепов/Elorda AqparatФото Дулат Төлепов/Elorda Aqparat

Фото Дулат Төлепов/Elorda AqparatФото Дулат Төлепов/Elorda Aqparat

Археологиялық музейдің аумағында келушілерге арнайы 30 метр биіктіктегі қазіргі заманғы сәулеттің элементтері бар мұнара қойылған.Фото Дулат Төлепов/Elorda AqparatФото Дулат Төлепов/Elorda Aqparat

Мұнда 200 теңге төлеп көтеріліп, бүкіл қаланы тамашалауға болады.  

Археологиялық қазбалар мұнда 2011 жылдан бері жүргізіліп келеді. Бұл уақыт ішінде ғалымдар 50 мыңға жуық дерек тапқан. Олардың сөзінше, ежелгі Тараз 5-ғасырдан бастап бүкіл әлемге белгілі болған.

Қазіргі уақытта ғалымдар біздің дәуірімізге дейінгі 10-12 ғасырлардағы мәдени топтарын зерттеу үстінде. Қазба жұмыстарынан табылған керамикалық және қола бұйымдар мен киімдер, монеталар көне қалашық аумағындағы музейде сақтаулы тұр.Фото Дулат Төлепов/Elorda AqparatФото Дулат Төлепов/Elorda Aqparat

Фото Дулат Төлепов/Elorda AqparatФото Дулат Төлепов/Elorda Aqparat

Фото Дулат Төлепов/Elorda AqparatФото Дулат Төлепов/Elorda Aqparat

Мұндағы археологтар тапқан ең таңғаларлық қазбалар ол – алтын және күміс әшекей бұйымдары. Қауіпсіздікті сақтау мақсатында ол бұйымдарды көпшіліктің назарынан тыс жерде сақтайды. Сол себепті де оны суретке түсіруге мүмкіндік болмады.Фото Дулат Төлепов/Elorda AqparatФото Дулат Төлепов/Elorda Aqparat

Фото Дулат Төлепов/Elorda AqparatФото Дулат Төлепов/Elorda Aqparat

Фото Дулат Төлепов/Elorda AqparatФото Дулат Төлепов/Elorda Aqparat

Фото Дулат Төлепов/Elorda AqparatФото Дулат Төлепов/Elorda Aqparat

X-XIII ғасырларда Тараз Ұлы Жібек жолы бойындағы маңызды орын болған. Сауда керуені осы қала арқылы өтетіндіктен, шаһар сол кездері өркендей түскен. Бұл жерде өнер мен мәдениет те дамыған. 2005 жылы қазба жұмыстары кезінде мұнда ежелгі исламдық мешіт пен керуен сарай орны табылған. Құрылыс жұмысы шамамен VIII-XII ғасырларда жүргізілген. Бұл кешен Қарахан мовзолейінің артқы жағында, көне Тараз қалашығынан бірнеше жүз метр қашықтықта ғана орналасқан.Фото Дулат Төлепов/Elorda AqparatФото Дулат Төлепов/Elorda Aqparat

Фото Дулат Төлепов/Elorda AqparatФото Дулат Төлепов/Elorda Aqparat

Фото Дулат Төлепов/Elorda AqparatФото Дулат Төлепов/Elorda Aqparat

Фото Дулат Төлепов/Elorda AqparatФото Дулат Төлепов/Elorda Aqparat

Фото Дулат Төлепов/Elorda AqparatФото Дулат Төлепов/Elorda Aqparat

Фото Дулат Төлепов/Elorda AqparatФото Дулат Төлепов/Elorda Aqparat

Фото Дулат Төлепов/Elorda AqparatФото Дулат Төлепов/Elorda Aqparat

Керуен сарай ғимаратынан археологтар құрал-жабдықтарымен бірге монша орнын да анықтаған. Сол ежелгі заманның өзінде құрылысшылардың су құбыры мен кәріз жүйесін қолдануы таңғаларлық жағдай.Фото Дулат Төлепов/Elorda AqparatФото Дулат Төлепов/Elorda Aqparat

Фото Дулат Төлепов/Elorda AqparatФото Дулат Төлепов/Elorda Aqparat

Фото Дулат Төлепов/Elorda AqparatФото Дулат Төлепов/Elorda Aqparat

Фото Дулат Төлепов/Elorda AqparatФото Дулат Төлепов/Elorda Aqparat

Осы уақытта Тараз Қараханидтердің елінің бірінің астанасы болып тұрған. Бұл түрік династиясы Қараханид мемлекетінің 942-1212 жылдар аралығында билік құрған. 960 жылы Қарағанидтер өздерінің қарамағындағылармен бірге алғашқы болып түрік әлемінде исламды қабылдаған.Фото Дулат Төлепов/Elorda AqparatФото Дулат Төлепов/Elorda AqparatМузей қызметкерлерінің мәліметінше, бағаналарға арналған тас тірегіштері бастапқы күйінде сақталған. Онымен қоса, діни нанымдағы қол жазбалары да бүлінбеген.Фото Дулат Төлепов/Elorda AqparatФото Дулат Төлепов/Elorda Aqparat

Фото Дулат Төлепов/Elorda AqparatФото Дулат Төлепов/Elorda Aqparat

XIII ғасырда Тараз ақсүйек әскерлерінің шабуылына ұшырап, оған тұрғындардың қарсылық танытып, қала бұрынғы күшін жоғалтып, қираған. Осы себепті де тарихи ескерткіштерді қалпына келтіру, қайта жаңғырту жұмыстары жүрсе керек.

Жоғарыда жазғанымыздай, Тараз көне қалашығына 1 шақырымдай болатын жақын жерде Қазақстандағы белгілі діни орындардың бірі Қарахан мовзолейі орналасқан.

Діни сенімі берік адамдар мен туристер жиі келетін бұл сәулетті ескерткіш мың жылдық тарихқа куә деседі.Фото Дулат Төлепов/Elorda AqparatФото Дулат Төлепов/Elorda Aqparat

Фото Дулат Төлепов/Elorda AqparatФото Дулат Төлепов/Elorda Aqparat

Фото Дулат Төлепов/Elorda AqparatФото Дулат Төлепов/Elorda Aqparat

Фото Дулат Төлепов/Elorda AqparatФото Дулат Төлепов/Elorda Aqparat

Фото Дулат Төлепов/Elorda AqparatФото Дулат Төлепов/Elorda Aqparat

Фото Дулат Төлепов/Elorda AqparatФото Дулат Төлепов/Elorda Aqparat

Құран бағыштап, зиярат етуге келген адамдарды, қажылыққа аттанып бара жатқан топты бұл жерден күнделікті кездестіруге болады.Фото Дулат Төлепов/Elorda AqparatФото Дулат Төлепов/Elorda Aqparat

Фото Дулат Төлепов/Elorda AqparatФото Дулат Төлепов/Elorda Aqparat

Мовзолей қараханидтер дәуірінде, яғни ХІ ғасырда Қарахан Мұхаммед билеушінің кезінде салынған.Фото Дулат Төлепов/Elorda AqparatФото Дулат Төлепов/Elorda Aqparat

Фото Дулат Төлепов/Elorda AqparatФото Дулат Төлепов/Elorda Aqparat

Фото Дулат Төлепов/Elorda AqparatФото Дулат Төлепов/Elorda Aqparat

Фото Дулат Төлепов/Elorda AqparatФото Дулат Төлепов/Elorda Aqparat

Фото Дулат Төлепов/Elorda AqparatФото Дулат Төлепов/Elorda Aqparat

Фото Дулат Төлепов/Elorda AqparatФото Дулат Төлепов/Elorda Aqparat

Сондай-ақ осы өңірдегі тағы бір тарихи ескерткіш – ол ХІ-ХІІ ғасырлардың ортасында салынған Айша бибі кесенесі. Бұл тарихи ескерткіш Қазақстан ғана емес, тіпті Орта Азия бойынша бірегей ескерткіш. Адамзат ұғымындағы құнды тарихи-сәулеттік ескерткіш ретінде ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізілген.Фото Дулат Төлепов/Elorda AqparatФото Дулат Төлепов/Elorda Aqparat

Фото Дулат Төлепов/Elorda AqparatФото Дулат Төлепов/Elorda Aqparat

Фото Дулат Төлепов/Elorda AqparatФото Дулат Төлепов/Elorda Aqparat

Фото Дулат Төлепов/Elorda AqparatФото Дулат Төлепов/Elorda Aqparat

Фото Дулат Төлепов/Elorda AqparatФото Дулат Төлепов/Elorda Aqparat

2014 жылы Жамбыл облысындағы 5 тарихи нысан бүкіл әлемдік мәдени мұра ретінде ЮНЕСКО-ға енгізілсе, 8 тарихи орын Қазақстанның 100 киелі нысанының тізімін толықтырған.

Жалпы, Жамбыл өңірінде 3 мыңнан аса тарихи-мәдени ескерткіш бар. Оның 6-ы халықаралық, 25-і республикалық, 711-і жергілікті дәрежеге ие болған. Ал қалған орындар қосымша тізімге енгізілген. Алдағы уақытта бұл киелі өлкеде тағы да таңғаларлық әрі қызықты жаңалықтар болуы бек мүмкін.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх