• USD 385
  • EUR 434

Өңірлер жаңалығы

Жамбыл облысында алтынды белден қазған қылмыстық топ құрықталды

11 қыркүйек, 10:1491
Автор: Elorda Aqparat

Жамбыл облысында алтын жинаған қос қылмыстық топ құрықталды. Олар Жамбыл ауданы Ақбұлым ауылы маңындағы таулы алқапта ұсталған. Бұл туралы astanatv.kz хабарлайды.

Ым-жымы бір, қылмыстық топтардың бірінде 3 адам, ал екіншісінде 4 адам бар. Полиция оларды құрамында алтыны бар кен тастарын жинап жүрген жерде байқаған. Құрықтау кезінде кен тастары салынған төрт қап тәркіленді. Құзырлы орган дерегінше әбден әккі болған олар, жинағандарын артуға 3 көлікпен келгенін жеткізді.

 «Ұсталғандар 25-35 жас аралығындағы бұрын сотты болмаған азаматтар. Қылмыстық кодекстің 334-бабының 1-бөлігімен «Жер қойнауын өз бетімен пайдалану» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, тәркіленген заттардың құрамын, салмағын анықтау мақсатында бірқатар сараптамалар кешені тағайындалды», - дейді Жамбыл облыстық Полици ядепартаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

 

 



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх