• USD 385
  • EUR 434

Өңірлер жаңалығы

Жәйрем кентіндегі жағдай тұрақталды

13 тамыз, 11:09170
Автор: Elorda Aqparat
Видеодан скриншот Видеодан скриншот

Қарағанды облысының әкімі Жәйрем кентіндегі оқиғаны реттеу үшін кент тұрғындарымен және жұмысшыларымен кездесті, деп хабарлайды Елорда Инфо облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, 12 тамызда Жәйрем кен-байыту комбинаты жұмысшыларының қатысуымен шиеленіс орын алды. Бірнеше шетел жұмысшы азаматтары жеңіл түрде жарақат алды. Оларға медициналық көмек көрсетілді. 

Жағдайды реттеу үшін оқиға орнына облыс әкімі Ерлан Қошанов барды. Жәйрем кентінде аймақ басшысы кент тұрғындарымен және Жәйрем кен-байыту комбинатының жұмысшыларымен кездесті. Өткізілген кездесудің нәтижесі бойынша жағдай реттелді. 

Кенттегі жағдай тұрақты және облыс әкімінің ерекше бақылауында.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх