Экономика

Жаһандық саммит елорданың дамуына серпін береді – Жүзенов

03 қазан, 18:54208

Туризмді дамыту жөніндегі VІІІ Жаһандық саммитті Нұр-Сұлтан қаласында өткізу елорданың өркендеуіне сүбелі серпін береді. Бұл туралы баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Саммитке қатысуға 600 адам тіркелді, оның 300-і – туризм саласындағы ірі  халықаралық ұйымдар мен қауымдастықтардың өкілдері, зерттеушілер, мемлекеттік  органдар, сондай-ақ орта және шағын бизнес қызметкерлері. Жаһандық саммитті өткізу елорданың дамуына серпін береді", – деді Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Қасымхан Жүзенов.

Айта кетсек, қалалық туризмді дамыту жөніндегі саммит жылына бір рет ұйымдастырылады. Дүниежүзілік туристік ұйым ЮНВТО талаптарына сәйкес таңдалған қалада өтеді.

«Саммит ақылды қалаларды дамытуға арналған. Бұл күндері бүкіл әлем бойынша көптеген дестинация күрделі қалалық проблемаларды шешуге ықпал етеді. Тұрақтылық, қолжетімділік, қалалық басқару, инновациялар мен технологиялардың аса маңызды мәселелері талқыланатын болады", – деді «Астана Конвенцшн Бюро» директорының орынбасары Хелена Махуас.

Естеріңізге сала кетейік, қала туризмін дамыту бойынша VІІІ Жаһандық саммитті 9-12 қазан күндері Тәуелсіздік сарайында өткізу жоспарланған.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх