• USD 381.9
  • EUR 432

Қылмыс және оқиғалар

Газ баллон жарылысынан кімдердің зардап шеккені анықталды

15 наурыз, 20:4281
Автор: Elorda Aqparat

Орын алған оқыс оқиғадан зардап шеккендер туралы мәлімет белгілі болды, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық әкімдікке сілтеме жасап. 

«Жарылыс салдарынан зардап шеккен 1991 және 1970 жылғы дүниеге келген екі адам 2-3 деңгейлі күйікпен №1 қалалық аурухананың қарқынды терапия бөлімшесіне жатқызылды. 1979 жылы дүниеге келген тағы бір зардап шегуші Травматология және ортапедия ғылыми-зерттеу институтына жеткізілді. Диагнозы анықталу үстінде. Барлық қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетілуде. Оқиға орнында жедел жәрдемнің 2 бригасы кезекшілік атқаруда», - деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігі. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін сағат 17:06 кезінде Астанадағы Алаш тас жолы бойындағы «МолПродуктсервис» ЖШС-нің екі қабатты ғимаратында газ баллоны жарылды. 

Оқиға орнына дереу түрде қала әкімі Бақыт Сұлтанов, ҚР ІІМ ТЖК төрағасы Владимир Беккер, Астана қаласы ТЖД басшысының уақытша міндетін атқарушы Марғұлан Аманбаев пен Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Каналимов келіп жетті.



 Подпишись в Telegram Еlorda Aqparat 




Наверх