Руханият

Экскурсияға қатысатындар қатары молаюда

09 қазан, 18:4952
© Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық даму ісі басқармасы © Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық даму ісі басқармасы

Cаяхат маршруты Бұрынғы мұсылман мектебінен басталып, Нұр-Сұлтан қаласының сакралды картасына енген нысандары арқылы өтті...

Елордада Қоғамдық даму ісі басқармасы және «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан Нұр-Сұлтан қаласының киелі және тарихи орындарына экскурсия өз жалғасын табуда.

«Сакралды Қазақстан» жобасы аясында жүзеге асып жатқан экскурсияға өтінім қалдырып, хабарласып жатқан тұрғындар саны күннен-күнге артып жатыр. Олардың ішінде зейнеткерлерден бастап, түрлі сала мамандары, студенттер, сондай-ақ, қала қонақтары да бар.  

 Бүгінгі саяхатқа он шақты зейнеткер, 25-ке жуық мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен  Астана халықаралық университетінің 15 студенті қатысты. Әдеттегідей саяхат маршруты Бұрынғы мұсылман мектебінен басталып, Нұр-Сұлтан қаласының сакралды картасына енген нысандары арқылы өтті. 

саяхат маршруты Бұрынғы мұсылман мектебінен басталып, Нұр-Сұлтан қаласының сакралды картасына енген нысандарды арқылы өтті. 

Саяхат барысында қатысушылар С.Сейфуллин мұражайы және АЛЖИР мемориалды кешеніндегі тарихи естеліктер мен жәдігерлерді тамашалады.

Экскурсияға қатысқан зейнеткер Алмаханова Гүлайым:

«Тегін экскурсия туралы интернеттен көрдім. Өзіммен бірге құрбымды да ертіп шықтым. Бізді қала ішіндегі музейлерден бастап «АЛЖИР» музейіне дейін автобуспен алып жүрді. Өзіме экскурсиядан түйгенім көп болды. Әсіресе экскурсовод маман ұнады. Ол өз ісінің нағыз маманы екен. Қала тарихынан да біраз мағлұмат алдым. Осындай шаралар жиі өтіп тұрса екен. Біз сияқты зейнеткерлерге уақытты пайдалы өткізуге тамаша мүмкіндік. Ұйымдастырушыларға алғыс айтамын»

деп, өз әсерін баяндап берді. 

І дәрежелі экскурсия жүргізушісі Береза Галина Николаевна маршрут нысандарымен қоса, қала тарихын да жан-жақты әңгімелеп,

«Тәуелсіз Қазақстанның ең биік жетістігі – Сарыарқа төріндегі салтанатты астанамыз Нұр-Сұлтан қаласы»

деп, саяхатты аяқтады.

Естеріңізге сала кетейік, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі әр сәрсенбі сайын Нұр-Сұлтан қаласының сакралды орындарына тегін экскурсиялар ұйымдастырады. Жоба жыл соңына дейін жалғасады.




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх