• USD 385
  • EUR 434

Сайлау-2019

Еxit poll: Сайлаушылардың 70,13 пайызы Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берді

10 маусым, 00:09213
Автор: Elorda Aqparat

Еxit poll нәтижесі бойынша 9 маусымда өткен ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы барысында сайлаушылардың 70,13 пайызы Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берген, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі Қазақпарат сайтына сілтеме жасап.

«Қоғамдық пікір» институты бүгін күні бойы сайлау учаскелерінің шыға берісінде азаматтарға әлеуметтік зерттеу Exit poll жүргізді. Сұхбаттасушылар 325 сайлау учаскесінде сауалнама жүргізді. Оның ішінде облыс орталықтыры мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 97 учаске, шағын қалаларда 94 учаске, ал ауылдық округтерде 134 учаске қамтылды», – деді А.Мәжитова.

Оның айтуынша, сайлау күні «Қоғамдық пікір» институты Exit poll-дың халықаралық стандартты әдістемесі бойынша, сайлау учаскесіне барған сайлаушылар арасында сауалнама жүргізді. Оларға «Сіз қай кандидатқа дауыс бердіңіз?» деген бір ғана сауал қойылды. 9 маусымда таңғы сағат 7:00-ден кешкі 20:00-ге дейін сауалнаманың 6 толқыны өтті. Нәтижесінде 13 мың 200 сайлаушы арасында сауалнама жүргізілді.

«Іріктеме қателігі шамамен 3 пайызды құрайды. Сауалнама жүргізу жұмысына 350-ден астам интервьюер қатысты», – деді А.Мәжитова.

Сонымен, Exit-poll нәтижесі бойынша Қасым-Жомарт Тоқаевқа сайлаушылардың 70,13 пайызы дауыс берсе, Әміржан Қосанов 15,39 пайыз, Дания Еспаева 5,32 пайыз, Жамбыл Ахметбеков 3,86 пайыз, Төлеутай Рақымбеков 3,03 пайыз, Амангелді Таспихов 1,41 пайыз, Сәдібек Түгел 0,86 пайыз дауыс жинады.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх