• USD 385
  • EUR 434

Қоғам

Есіл ауданының әкімдігінде фронт-кеңсе ашылады

11 қыркүйек, 19:0131
Автор: Elorda Aqparat
Фото: astana.gov.kz Фото: astana.gov.kz

Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы әкімдігінің ғимаратында фронт-кеңсенің ашылу салтанаты өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Фронт-кеңсе – «бір терезе» қағидаты арқылы азаматтардың түрлі профильдегі мамандардың қызметтерін алатын ашық, кедергісіз кеңістік. Мұнда қабылдау бөлмесі, қызмет көрсету бөлмесі, балалар бұрышы, кітапхана, өз-өзіне қызмет көрсету аймағы, азаматтарды қабылдауға арналған кабинет болады.

Тұрғындар кеңестерді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, Тұрғын үй қоры, Жұмыспен қамту орталығы, Қазпошта, Бірыңғай есеп айырысу орталығы, аудан әкімдігінің қызметкерлерінен электронды кезек арқылы ала алады.

Айта кетсек, аталған іс-шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев пен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов және Есіл ауданының әкімі  Берік Жакенов қатысады деп күтілуде.  



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх