• USD 385
  • EUR 434

Жолдау-2019

Есіл ауданының әкімдігінде Президент Жолдауы талқыланды

03 қыркүйек, 19:08119
Фото: Василий Крась / Elorda Aqparat Фото: Василий Крась / Elorda Aqparat

«Есіл» ауданында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақрыбындағы Қазақстан халқына жолдауын талқылау мақсатында аудан активтерінің жиналысы өтті деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

Аудан әкімі Берік Жәкеновтің қатысумен өткен бұл жиналыста баяндамаышалар Президент Жолдауындағы жұрт айрықша назар аударып отырған жарқын түйіндерге тоқталумен қатар, отандастарымыз көп көңіл бөлетін жүрекжарды мәселелерді де атап өтті. Жолдауда айтылған халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету, азаматтардың құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, білім беру саласын дамыту сынды толғақты түйіндердің халықтың көңілінен шығып, болашаққа деген сенімдерін арттыра түскенін айтты.

Кездесу елордалық басқарма басшыларының, қалалық мәслихат өкілдерінің және аудан белсенділерінің қатысуымен өтті. Жиналғандар Жолдаудың негізгі аспектілерін және оны одан әрі іске асыру перспективаларын талқылады.

"Мемлекеттік органдардың жұмысы айқын болуы керек. Өз әріптестеріме қалалық мәслихат пен Парламенттің сессиясына келуді ұсынамын. Біз өз еліміздің тіршілігіне белсене араласуға тиіспіз. Ал қалалық басқармалар мен әкімдік жұмысын, оның ішінде аудандық басқарма жұмысын бағалау жүйесі жақсы бастама деп санаймын", - деді Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшесі Баян Ахметжанова.

Сондай-ақ жиынға қатысушылар ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін сапалы инклюзияны дамыту бойынша ұсыныстар айтты. Олардың пікірінше, балаларға ерекше көңіл бөлініп, өз құрдастарымен қатар сапалы білім алуға мүмкіндік беру қажет.

Фото: Василий Крась / Elorda AqparatФото: Василий Крась / Elorda Aqparat

Баяндамашылар өз ойларын ортаға сала отырып, Қазақстандағы тұрақтылық пен ел экономикасын жандандыру, халық тұрмысын жақсарту жөнінде жасалған нақты қадамдар ел ертеңіне айрықша әсер ететінін ерекше атап өтті. Жиынға қатысушылар Жолдауда айтылған мәселелер бір-бірлеп жүзеге асырылып, халықтың шынайы игілігіне айналатынына сенімдіміз деп түйіндеді.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх