• USD 385
  • EUR 434

Билiк және саясат

Ермұхамет Ертісбаев елшілік қызметінен босатылды

12 тамыз, 13:1855
Автор: Elorda Aqparat
фото 24.kz сайтынан алынды фото 24.kz сайтынан алынды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермұхамет Ертісбаев Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Елорда Инфо Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермұхамет Қабиденұлы Ертісбаев Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты Өкіл қызметін қоса атқарудан босатылды»,- делінген хабарламада.

Бұл қызметке Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Асанұлы Бейсенбаев Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты Өкіл қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх