• USD 385
  • EUR 434

Мәдениет

Ержан Максим «Junior Eurovision 2019» халықаралық байқауына қатысады

29 шiлде, 17:4561
Автор: Elorda Aqparat
Фото Дәурен Абаевтың Facebook парақшасынан Фото Дәурен Абаевтың Facebook парақшасынан

Ержан Максим «Junior Eurovision 2019» халықаралық байқауына қатысады. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо

«Қазақ баласы «Junior Eurovision 2019» халықаралық ән байқауына қатысатын болды. Дүниежүзі назар аударатын ән додасы 2019 жылдың 24 қарашасында Польшаның Гливице қаласында өтеді. «Хабар» агенттігінің Еуропалық хабар тарату Одағындағы мүшелігінің нәтежиесінде Қазақстан өкілінің осы байқауға қатысу туралы берген өтініші қабылданғанын айта кету керек. Биылғы байқауда біздің елдің намысын дарынды баламыз Ержан Максим қорғайды», - деп жазды Д.Абаев өзінің Facebook парақшасында. 

Айта кетсек, Қазақстан балалар Евровидениесіне биыл екінші рет қатысқалы отыр. Өткен жылы Минск қаласындағы байқауда жерлесіміз Данэлия Тулешова өнер көрсеткен еді.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх