• USD 385
  • EUR 434

Өңірлер жаңалығы

Ержан Максим Мәскеуге қоныс аударады

05 қыркүйек, 10:0447
Автор: Elorda Aqparat
фото интернеттен алынды фото интернеттен алынды

Жас әнші Ержан Максимнің анасы Гүлмира Әлібек Ресей астанасына 5 жылға көшетіндерін мәлімдеді. Бұл туралы Елорда Инфо «Мой ГОРОД» порталына сілтеме жасап хабарлайды.

«Ержан Игорь Крутойдың музыкалық академиясына оқуға барады. Ол жақта баспананы жалға алып тұратын боламыз. Қазір ұлым Еуровидениеде өнер көрсетуге дайындалып жатыр», - деді әншінің анасы.

Естеріңізге саламыз, оралдық жас әнші Ержан Максим Мәскеуде өткен «Голос. Дети» байқауында жеңіске жетіп, көпшілікке аты мәлім болды.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх