• USD 385
  • EUR 434

Қылмыс және оқиғалар

Ереже бұзғандар 104 млн теңге әкімшілік айыппұл төледі

11 қыркүйек, 01:0542
Автор: Elorda Aqparat
Фото Көлік комитетінен Фото Көлік комитетінен

"Назар аударыңыз, ауыр салмақты көлік!" республикалық акциясы қорытындыланды, деп хабарлайды Елорда Инфо Көлік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған акция биылғы 21 мамыр мен 31 тамыз аралығында өткізілген болатын. Алдын алу іс-шараның талабы бойынша ауа температурасы +25°С-тан жоғары болған кезде 8 тоннадан ауыр жүк тиелген автокөлік құралдарының қозғалысына шектеу қойылған.

Үш ай ішінде көліктік бақылау органдары 42 525 автокөлік құралдарын тексерді. Нәтижесінде 786 бұзушылық анықталған. Олардың 675-і қазақстандық тасымалдаушы болса (негізгісі инертті материал тасымалдаушылар), 111-і шетелдік тасымалдаушы болып шықты.

Айта кетсек, инертті жүк тасымалдайтын ауыр салмақты өзі аударғыштардың жол жүру дерегі бойынша жол ережесін бұзғандардың көбі Көлік комитетінің Whats app мессенджеріне, яғни +77080880800 сенім телефонына келіп түскен бейнеөтініш бойынша анықталған.

Автокөлік құралдары тиісті айыппұлдар мен алымдарды төлеу арқылы, жол жүру салдарынан келтірілген залал жойылып, өтелгенге дейін арнайы тұрақтар мен алаңдарда ұсталды.

Атап айтқанда, ереже бұзғандар 104 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл мен 50 млн теңгеден аса алым төледі.

Автомобиль жолдарының сақталуын қамтамасыз етуге және олардың қызмет ету мерзімін ұзартуға бағытталған осындай акциялар жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін болады.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх