• USD 385
  • EUR 434

Билiк және саясат

Ербол Нұрғалиев жаңа қызметке тағайындалды

04 қыркүйек, 09:1456
Автор: Elorda Aqparat
фото интернеттен алынды фото интернеттен алынды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен Ербол Жолдаспекұлы Нұрғалиев Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Ербол Нұрғалиев 1975 жылы 10 ақпанда дүниеге келген.

«Тарих және құқық мұғалімі» және «экономика және бизнес магистрі» мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар.

Әр жылдары аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, аудан әкімінің орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының басшысы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарды.

Қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі болып жұмыс істеді.

Үйленген, төрт баласы бар.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх