Сайлау-2019

Ербол ІРГЕБАЙ: Халық белсенділік көрсетті

20 маусым, 08:35206

Нұр-Сұлтан қаласы Оқушылар сарайының директоры  Ербол Іргебай Президентті таңдау «Сайлау туралы» заңның барлық талаптарына сай жүргізілгендігін айтады деп хабарлайды Елорда Инфо  «Аstana-akshamy» газетіне сілтеме жасап.

 

– Менің ойымша, биылғы Президент сайлауы өз деңгейінде өтті. Өзім қатысқан №58 сайлау учаскесінде шетелдік бақылаушылар өте көп болып, жан-жақтан 100-ге тарта адам жиналды. Барлық кандидаттың сенімді өкілдері де біраз болды. Бір байқағаным, бақылаушылардың жауапкершілігі жоғарылады. Бұрынғы сайлауларда бақылаушылар орындарында отырмай, шығып кетіп жүретін еді. Бұрындары олардың тарапынан сайлауға деген бейқамдықты да байқаушы едім. Ал бұл жолғы науқанға ерекше мән берді.

Дауысты санау өте үлкен жауапкершілікпен, ашықтықпен атқарылды. Әр кандидаттың жинаған дауысын санау кемінде екі сағат уақытты алды. Өз басым Президентті таңдау «Сайлау туралы» заңның барлық талаптарына сай жүргізілді деп ойлаймын.

Бұл сайлау барысында қоғамда сайлауға деген көзқарасы жақсы жағына өзгергені байқалды. Халықтың белсенділігі өте жоғары болды. Бірақ сайлау мәдениетінің төмендігі әлі де бар. Мәселен, «мұнда дауыс бере салайықшы» деп елордаға өзге өңірлерден келген адамдарды көрдім. Оларға заң бойынша «болмайды» деп түсіндірсең, «онда тұрған не бар?» дейді. Сонда тұрғылықты жерден есептен шығару талонын алып, осындағы сайлау учаскесінде тіркелу керектігін білмейтін боп тұр ғой.

Жалпы сайлау демократиялық деңгейде өтті. Халық дұрыс таңдау жасады деп есептеймін. Өзім де Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс бердім. Болашаққа еліміздің екінші Президентімен аттандық. Жолымыз ашық болғай!

 



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх