• USD 385
  • EUR 434

Қоғам

Емдеу мекемелері мен жеткізушілерді іріктеу процесі автоматтандырады

15 тамыз, 09:1328
Автор: Elorda Aqparat
фото интернеттен алынды фото интернеттен алынды

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Қаржы министрлігімен бірлесіп халыққа қызмет көрсететін емдеу мекемелерін іріктеу процесін автоматтандырып жатыр. Бұл туралы медициналық сақтандыру мәселелері жөніндегі аймақтық штаб отырысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Қаржыландыру көлемі артқаннан кейін медицина ұйымдарынан түсетін өтініштер мен келісімшарттар саны да екі есе көбейеді. Сондықтан біз сатып алу процесін де жетілдіріп жатырмыз. Биылғы жылдың үшінші тоқсанында қызмет көрсететін компаниялар базасын жасау, конкурсқа қатысуға өтініш беру, сатып алу процедурасы, жеткізушілерді іріктеу комиссияларының жұмысы да толығымен автоматтандырылады. Бұл жұмыстың бәрі электронды сатып алулар порталы арқылы онлайн режимде жүргізіледі», - деді Айбатыр Жұмағұлов.

Айтуынша, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде сатып алынатын қызметтерді емдеу мекемелері арасында бөліске салу жұмыстарының нәтижесі денсаулық сақтау саласындағы төлем жүйелеріне жіберіледі. Содан кейін Қор мен жеткізушілер арасында келісімшарт бекітіледі. Бұл өзгерістердің бәрі де медициналық қызметтерді сатып алу процесінің ашықтығын, тиімділігін қамтамасыз етпек.

«Қазірдің өзінде Қорда келісімшарттар мен қосымша келісімдер автоматты түрде қалыптастыру функциясы іске қосылған. Осы тамыз айында құжаттардың бір бөлігіне цифрлық қолтаңбаның көмегімен қол қоюға мүмкіндік аламыз», деп қорытты МСҚ басшысы.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх