Қоғам

Елордалық түлектер мектеп бітіру кешін дүркіретіп өткізуден бас тартуда

09 мамыр, 10:15439
Автор: Elorda Aqparat
фото интернеттен алынды фото интернеттен алынды

Елорадалық түлектер мектеп бітіру кешіне арналған салтанатты рәсімді артық шығынсыз өткізу акциясына қатысып жатыр. Бұл туралы Елорда Инфо қалалық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» көшбасшылары мен «Адал Ұрпақ» мектеп клубтарының мүшелері ұсынған Challenge жастар арасында кеңінен қолдау табуда.

Қазірдің өзінде елордада 24 мектеп аста-көк шара мен лимузиндер жалдап тойлаудан бас тартты. Олар түлектер кешін мектеп қабырғасына өткізуді ұйғарған.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх