• USD 385
  • EUR 434

Қылмыс және оқиғалар

Елордалық полицейлер интернет алаяқтарынан сақ болуды ескертеді

19 тамыз, 10:4169
Автор: Elorda Aqparat
Фото ehonews.kz Фото ehonews.kz

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті интернет алаяқтық фактілерінің жиілеп кеткенін ескертеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Солардың ішіндегі кеңінен таралғандардың бірі - жылжымайтын мүлік пен автокөліктерге байланысты жасалатын қылмыстар.​ Алаяқтар пәтер және автокөлік сату бойынша жарнамалар сайтына кіріп, байланыс телефондарға қоңырау шалып, мүлік сатып алуға ниет білдіретінін және кепілдікке алдын ала ақша беретіні туралы хабарласып, келіскендей болады.

Әбден сенімге кіріп, сатушының төлем карточкасын «интернет-банкинг» қызметіне қосылуын өтінеді. Бұл жүйемен жұмыс істеп көрмеген азаматтарды алдап, ақшалай қаражат бар шоттар бойынша түгелдей мәліметтерді сұрап алады.

«​Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментіне интернет алаяқтық фактісі жөнінде қала тұрғынынан арыз келіп түсті. Белгісіз біреу оның жарты миллион ақшасын алдап иеленген. Қазіргі таңда осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр», - делінген департамент хабарламасында.

​Полиция департаменті интернет пайдаланушыларына қырағылық танытып, интернет-алаяқтарының құрығына түсіп қалмауды ескертеді. Алаяқтардың айла-шарғысына түсіп қалмау үшін белгісіз адамдарға күмән туғызатын ақша аударымдар жүргізбеу, несие алу үшін қаржы ұйымдарына ғана жүгіну, кез келген тауарды сатып алу кезінде әртүрлі ракурстың фотосуретін алу немесе тауардың бар-жоғын растау үшін бейнеқоңырауды жүзеге асыру, өз анкеталық мәліметтерін, карта нөмірі мен паролін бермеу қажет.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх