Қылмыс және оқиғалар

Елордалық полицейлер алаяқ азаматшаға халықаралық іздеу жариялады

08 қараша, 15:03102
Автор: Elorda Aqparat
Фото Полиция департаментінен алынды Фото Полиция департаментінен алынды

ПД Криминалдық полиция басқармасы аса ауыр қылмыс – ірі көлемде алаяқтық жасаған Мадина Сарсенова халықаралық іздеу жариялады, деп хабарлайды Елорда Инфо департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы аса ауыр қылмыс – ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін 1982 жылы туған Сарсенова Мадина Мырзабекқызына халықаралық іздеу жариялады.

Қандай да бір ақпарат болса Нұр-Сұлтан қаласының ПД-ға (Бейбітшілік көшесі, 19) немесе 8(7172) 71-60-10, 71-60-22 телефондарға хабарласуды сұрайды.




Наверх