Қылмыс және оқиғалар

Елордалық өрт сөндірушілер 8 адамды құтқарды

10 қараша, 01:54111
Автор: Elorda Aqparat
Дереккөз: ТЖД баспасөз қызметі Дереккөз: ТЖД баспасөз қызметі

Түнгі сағат 00.22-де 101 пультіне Майлин көшесі, 4 мекенжайында өрт болып жатқаны туралы хабар түсті, деп хабарлайды Елорда Инфо Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жедел жөнелтілген өрт сөндірушілер оқиға орнына 4 минуттың ішінде, яғни сағат 00.26-де жеткен. Онда оттың 2 қабатты "Good bar" түнгі клубының электросымынан шыққаны анықталған. 0,5 шаршы метр аумақ отқа оранған.

Фото ТЖД баспасөз қызметіненФото ТЖД баспасөз қызметінен

Абырой болғанда өрт сөндірушілер келгенге дейін 190 адам қауіпсіз аумаққа шығып үлгерген. Мамандардың жедел әрекетінің арқасында 8 адам құтқарылған.

Тілсіз жау сағат 00.34-те толықтай ауыздықталған. Алдын ала болжам бойынша өрт элктр сымының қысқа тұйықталуынан болуы мүмкін.

Айта кетсек, қызыл жалынды өшіруге ТЖД-ның 4 техника бірлігі мен 17 өрт сөндіруші жұмылдырылған. 




Наверх