• USD 385
  • EUR 434

Қылмыс және оқиғалар

Елордалық мектептің 9 оқушысы газдан уланып, ауруханаға түсті

05 қыркүйек, 20:1551
Автор: Elorda Aqparat
Фото: gazeta.a42.ru Фото: gazeta.a42.ru

Иманбаева көшесі, 4 мекенжайында орналасқан №54 орта мектептің оқушылары уландырғыш заттан зардап шегіп, 9 бала ауруханаға түсті, деп хабарлайды Елорда Инфо

5-сынып оқушысы өзімен газ баллонын алып барған. Оған оны ата-анасы берген көрінеді. Үзіліс кезінде газ баллоны оқушының сөмкесінен түсіп қалған. Оның жанында келе жатқан сыныптасы абайсызда таптап кетіп, баллоннан газ шашқан.

Мұғалімдер дереу жедел жәрдем шақырып, балалардың барлығы ауруханаға жеткізілген. 9 баланы дәрігерлер қарап шығып, оларға тиісті көмек көрсетілді.

«Оқушылардың қасында сынып жетекшілері де бар. Балалар өздерін жақсы сезінген уақытта ата-аналары оларды үйлеріне алып кете алады» делінген басқарма хабарламасында.

Бұл оқиғаға байланысты енді алдағы уақытта барлық мектепте қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде сыныптық сағаттар өткізіледі. Бұл туралы ата-аналар да хабардар етілетін болады.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх