Қылмыс және оқиғалар

Елордалық құтқарушылар 6 жасар баланы құтқарды

08 қазан, 20:4339
Автор: Elorda Aqparat
Фото интернеттен алынды Фото интернеттен алынды

Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары 6 жасар баланы құтқарды, деп хабарлайды Елорда Инфо ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін сағат 13.57-де "112" пультіне өтіп бара жатқан адамдардан Құдайбердыұлы көшесі, 25/1 үйдің терезесінен баланың құлау қаупі туралы ақпарат түскен. Шақырту орнына Өрт сөндіру қызметі мен жедел-құтқару жасағының бөлімше мамандары дереу жеткен.  Оқиға орнына барған бетте мамандар "Степной-1" тұрғын үй кешенінің 13-қабатындағы есігі жабық пәтердің терезесінде баланың тұрғанын көрген.

Құтқарушылардың үйлесімді және жедел жұмысының арқасында есікті ашу арқылы ересектер қараусыз қалдырылған 2013 жылғы баланы құтқарып қалды. Артынша бала полиция департаментінің қызметкерлеріне тапсырылды. 

Айта кетсек, Нұр-сұлтан қаласы ТЖД жеке құрамынан 6 адам мен 2 техника бірлігі және қаланың шұғыл қызметтері жұмылдырылды.

Бұл – құтқарушылардың балаларды құтқарып қалған көп жағдайдың бірі. Бірақ қайғылы нәтижемен аяқталған деректер де кездеседі.

Бұл тұрғыда Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарға балаларды ешуақытта қараусыз қалдырмауға кеңес береді.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх